Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

Қазақстан тәуелсізікке қол жеткізгелі бері ғаламдық бастамаларға сай дамып, жаһандық жаңғыруға үлес қосуда. Небәрі жиырма бес жыл ішінде алдыңғы қатарлы, озық 50 елдің қатарынан өз орнын тапқан жас мемлекетіміз бүгінде дамыған 30 ел арасына қосылуды көздеп отыр. Демек, Қазақстанның қазіргі даму қарқыны өте жақсы. Оған қоса еліміз ширек ғасырдан бері бейбітшілік жолында өркендеу үстінде.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен қолға алынған бастамалар әрқашан әр түрлі дүниежүзілік қоғамдастықтар тарапынан қолдау тауып отырған. Оның ең алғашқысы 1991 жылы 29 тамызда қол қойылған «ядролық қарудан өз еркімен бас тарту жөніндегі акті» деп білемін.Жарлықтың мақсаты халық қауіпсіздігі екені аңғарылады. Қазақстанның бұл бастамасы әлем бойынша қолдау тауып, көптеген мемлекеттер ядролық қарудан бас тартқан еді. Бұл жағдай Қазақстанның халықаралық беделін арттырды.  Бүгінгі таңда еліміз ядролық қаруға қарсы күрестің  әлем мойындаған көшбасшысы. ХХІ ғасыр ғаламдық жаңғыру мен жаһандық бастамалар дәуірі. Олай дейтін себебіміз қазіргі таңда бүкіл дүниежүзі мемлекеттері жаһандық бастамаларды қолға алу үстінде. Соңғы жылдарда  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  әлемдік валюта енгізу, Еуро Одақ құру, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерін өткізу, Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін әмбебап ұйым ретінде нығайту,G-global алаңындағы коммуникация,  экономикалық интеграция және еркін сауда аймағын құру т.б бірқатар бастамалар мен идеялар ұсынды. Соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы ресми емес мүшелері құрамына енді. Қазіргі кезде олардың көпшілігі жаһандық қолдау тауып, біртіндеп жүзеге асуда. Биылғы жылы елордамыз Астана қаласында өткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі де Қазақстанның жаһандық бастамаларға қосқан үлесі болып табылады.«Болашақтың энергиясы» тақырыбында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты энергияның балама түрлерін табу жәнеэкологиялық таза энерияны қолдану. Сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін  төрткүл дүниеге паш ету. Жалпы мұнда 150 ғылыми жаңалық  пен жаңа технология көрсетілді. Әлемдік сарапшылар жобаның ауқымды болғандығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылған атап өткен. Ұйымдастырылған көрме Қазақстанға бүкіл назарын аудартып қана қоймай, жаңа қырынан да танытты.

Қазақстанды жаһандық бастамалар жаршысы деп атасақ та болды. Себебі дәл осы жаһандық бастамалар арқылы Қазақ елін бүкіл әлем таныды. Елбасымыз ел ішіндегі күрделі мәселелерді шешіп қана қоймай, халықаралық проблемаларды да шешуге ұйытқы болды. Оның парасатты саясатының арқасында әлемдік державалар Қазақстанды сенімді саяси әріптес ретінде бағалап отыр. Еліміз өзінің ғаламдық идеяларының арқасында жаһандық жаңғыруға орасан зор үлес қосуда десек артық айтқандық емес. Ұлт көшбасшысының көрегенді саясаты халқымызды одан да биік белестерге жететініне нық сенімдімін.

Алтынай Бақытжанқызы, 2 курс студенті 

Қазақ
× You found a Typo