- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) - рейтинг республиканың үздік университеттерінің оныншы ұлттық рейтингін ұсынады.
Жоғарғы оқу орындарын жан-жақты бағалау үшін бұрынғыдай үш бағалау қолданылды: бірінші бағалау университеттердің білім беру және зерттеу жұмыстарының параметрлері бойынша анықталды, екіншісі беделді бағалау академиялық және ғылыми топтардың өкілдерінің пікірлерін, ал үшіншісі - жұмыс берушілердің беделді бағалауы болып табылады.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның ең үздік көп профильді жоғары оқу орындарының рейтингісінде 7 орынды алды.
2018 жылы жетекші қазақстандық көпсалалы жоғары оқу орындарының арасында 7 орынды иеленуі бүкіл университет ұжымының үйлесімді, табанды, еңбекқорлық жұмысының ғана емес, сондай-ақ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің соңғы жылдардағы дамуының жоғары динамикасын толық көрсетеді.
Университет ұжымына шығармашылық жетістіктер, инновациялық идеялар және дарынды студенттердің болуын тілейміз!
Рейтингтің нәтижелері 15.06.2018 ж., «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде және http://nkaoko.kz/ сайтында жарияланған.
Сапа менеджменті мониторингі және болжау бөлімі