Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазан айының 5-жұлдызында ШҚМУ, №1 студенттер үйінде өткен «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік шара отті

«Арайлы Алтын күз» мерекелік шарасы жатақхана көлемінде өткізілді. Арнайы қонақ ретінде тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің мамандары Айтуганова А. Н., Аманжолова Н. А. және Жастар мәслихатының депутаты Қалымбек Аян шақырылды.

Шараға 5 жұп қатысып, өз бақтарын сынады. Сонымен қатар мерекелік шара барысында көрермендер арасында түрлі ойындар мен өнерпаз студенттер өз өнерлерін көрсетті. Әділ-қазы ретінде Жастар мәслихатының депутаты – Қалымбек Аян, дайындық бөлімінің әдіскері – Бахат Төлеужан, «информатика» мамандығының 4-курс студенті – Жеңсқанқызы Қымбат сайланды. Мерекелік шара «Музыка» мамандығының 1-курс студенті Тоқтарқан Нұрқанаттың әсем әнімен және Жастар мәслихатының депутаты Қалымбек Аян мырзаның қатысушыларға сәттілік тілеуімен басталды. Әр кезең сайын әділ-қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын берумен болды. Шара соңында «Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын» анықтады. Одан бөлек қатысушылардың барлығын жүлделі орындармен марапаттады. Мерекелік шара қатысушылардың топтық биімен аяқталды. Шара соңын студенттер би кешімен аяқтады.

Күз ханшайымы мен ханзадасы атағын «АӘД» мамандығының 1-курс студенті Қайсанов Дулат пен «Физика» мамандығының 2-курс студенті Исабекова Алмагүл иеленді. Жүлделі 1-орынға «Информатика «мамандығының 1-курс студенті Елтай Нұрымбет пен «Биология» мамандығының 1-курс студенті Мұрат Серікгүл лайықты деп танылды. 2-орынға «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Ренхан Заңғар пен «Дене шынықтыру және спорт мамандығының» 2-курс студенті Талғатова Мөлдір ие болды. 3-орын «Информатика» мамандығының 1-курс студенті Ануарбек Нұрдаулет пен Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Хайдархан Рысгүлге бұйырды. Көрермен көзайымы номинациясын «География» мамандығының 3-курс студенті Аязбек Нұрлан пен «Биология» мамандығының 2-курс студенті – Ербол Нұрсәуле иеленді.

Мерекелік шара барысында өз өнерлерін көрсеткен студенттер:

«Музыка» мамандығының 1-курс студенттері Тоқтарқан Нұрқанат, Жігер Дарын ; «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Әмәлиәт Өмір; «Музыка» мамандығының 2-курс студенті Бөкебай Тілек «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының 1-курс студенті Қайсанов Дулат ; «Физика» мамандығының 2-курс студенті Исабекова Алмагүл Жүргізушілер: «Музыка» мамандығының 1-курс студенті Тоқтарқан Нұрқанат – «Информатика» мамандығының 2-курс студенті Амиянова Еңлік.

Ұйымдастырушылар: №1 студенттер үйіндегі студенттер кеңесінің құрамы: Заманбекова Айгерім Манарбекқызы, Жақиева Алуа Еркінқызы, Масалимова Ай-Күн Ержанқызы.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ
× You found a Typo