- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазан айының бесінші жұлдызында «ШҚМУ – инновациялар жолында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жетінші оқу ғимаратында «Қазіргі әлемдегі энергияүнемділікті дамыту тенденциясы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш дөңгелек үстел жұмысына Венгрия мен Оңтүстік Корея мамандары, сондай-ақ, ШҚМУ-дың жас ғалымдары қатысты. «ЕХРО-2017 «Болашақтың энергиясы» көрмесіне дайындық аясында өткізілген конференцияның ұйымдастырушылары – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі департамент, сондай-ақ, Жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар факультеті.
Будапештегі Петер Пазмань атындағы Католик универститеттің профессоры – Иржи Яромир Клемеш, Пусан халықаралық университетінің профессоры, PhD докторы – Санг Мей Ли ағылшын тілінде жасалған ғылыми баяндамаларын көпшілік назарына ұсынып, аудиторияны қызықтырған сауалдарға жауап берді. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты «ЕХРО-2017 «Болашақтың энергиясын» тақырыбын қамтыған.
«Журналистика» мамандығының
1 курс студенті Әділхан Есімханов