Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазіргі заманда білімді адам ғана табысқа жете алады

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – 30 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатындағы нақты қадамдар көрсетілген маңызды құжат. Бұл мақалада тарих, бүгінгі күн мен болашақты сабақтастыру, ұлттық кодтан айырылмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе көтеріліп отыр. Президент Қазақстан үшін қайта түлеудің маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заманасынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Саяси, экономикалық реформаларда еліміз жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру жұмысында рухани салаға басымдық беру қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, рухымызды жаңғырту деген ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлтты алға жылжытатын күш. Бұл – ел болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны азаматтар үшін де, қоғам, ел үшін де маңызды үдеріс.

Елбасы қоғамның және әр қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгіледі: Бәсекеге қабілеттілік, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы.

Бірінші бағыт «бәсекелік қабілет» деп аталады. Бұнда халықтың ілгері жылжуы үшін бәсекелестік қабілетінің адамдар бойында болуы сөз етіледі. Бұл білім, қызмет, зияткерлік өнім және сапалы еңбек ресурстары болсын, бүгінгі таңда ұтымды, әрі сапалы ұсыныс болуға тиіс. Сондықтан да, «Цифрлық Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Екінші бағыт, яғни прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Яғни, әр адам рухани және кәсіби қасиеттерді жетілдіруге баса көңіл бөліп, осы жолда әр мүмкіндікті ұтымды пайдалануы керек.

Ұлттық бірегейлікті сақтау деп аталатын үшінші бағыт бізге ұлттық санамызды, дәстүрімізді сақтай отырып, ұлы ұлттың ұрпағы екенімізді ұмытпай қайта түлеу. Әр өңір мен әр мемлекет ұлттық ерекшелігімен санаса отырып, дербес ұлттық даму үлгісін қалыптастыруы керек. Елбасы қазақстандықтардың екі ережені сақтауын қалайды. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

Білімнің салтанат құруы атты төртінші бағытта аса маңызды аталып өтететін мәселе – білім. Қазіргі дамыған заманда білімді адам ғана табысқа жете алады, сондықтан еліміз білім беру жүйесіне көп көңіл бөліп отыр. Осы бағытта Елбасының негізгі ойы – білімді жастардың арқасында ғана ұлтымыз табысты болмақ.

Бесінші бағыт – Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Осы ретте ХХ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешірген қасіретті кезеңді атап өтеді. Сол кезеңде ұлттың емес аумақтың жаңғыруы алған кезең. Мемлекет басшысы сол кезеңнен сабақ алып, эволюциялық даму қағидасын басты бағыт ретінде ұстануымыз қажет деп санайды.

Сананың ашықтығы бағытында ағылшын тілінің мәселесі жайлы айтылады. Ағылшын тілі ол жаһандық әлемнің қақпасы іспеттес. Елбасы «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу - табыстың кілті» деп жазады.

Оған қоса, Президент жасалуға тиісті бағдарламаларды айта кетті. Олардың қатарында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар, Елбасы қазақ тілін латын әліпбиіне кешіктірмей көшіруді де осы мақаласында Үкіметке тапсырды.

Альмира Сақтаева, экономика ғылымдарының кандидаты,

экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы 

Қазақ
× You found a Typo