- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының студенттері қаламыздағы «Микс» радиосына барып қайтты.
Студенттерді радиожүргізуші Мәдина Айдарханова қарсы алып, радио жұмысымен таныстырды. Ол «бағдарамаларды қалай жүргізу, қонақтармен қандай қарым-қатынас ұстау, микшерлеу пультін басқару, радиожурналистке ғана тән қандай ерекшеліктерге баса мән беру керек» сияқты студенттер қойған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибесімен бөлісті.
Әр студент радиожүргізуші орнында мәтін оқып, дыбыс жазды.
– Дауысы жағымды, талапқа сай студенттерді радиоға шақырып тұрамыз, – деген радио қызметкерлері тіпті студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі барын да атап өтті.
Кездесу соңында студенттер естелік фотосуретке түсті. Гүлмира Ахметқалиқызы алдағы уақытта студенттердің радиомен тығыз байланыста болатындықтарын айтты.
Журналистика мамандығының 4-курс студенті