Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Келешек журналистер Ұлықбек Есдәулетпен кездесті

«ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешенінде журналистика мамандығының студенттері ақын, журналист Ұлықбек Есдәулетпен кездесті.

Еңбек жолын қазіргі «Дидар» газетінен бастаған журналистиканың майталманы Ұлықбек Оразбайұлы «ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешенінде сұхбат берді.

Аз уақыттағы сұхбатта өзін толғандырып жүрген өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, тіл болашағына алаңдайтынын жеткізді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы да көтеру керектігін, халықтың ең басты байлығы – тілі екенін айтты.

Өзінің азаматтық ұстанымын жеткізді, қазіргі жастарға Жазушылар одағының құрамына кіру үшін қандай талаптарға сай болау керектігін қысқаша жеткізді. Одаққа кіру үшін адамға бір-ақ нәрсе – талант керектігін, «бірнеше кітап шығарған шалағай жазарманнан, шағын кітабы шыққан дарынды жазарман артық» екенін айтты.

Сондай-ақ,  өзінің Жазушылар одағының мүшелігіне қалай кіргенімен бөлісті. Жас кезінде «Коммунизм туы» газетінде жұмыс істегенін, баспасөздің машақаты көп ауыр еңбегін есіне ала отырып, қазіргі жастарға тынымсыз еңбек ету керектігін және қазіргі бәскеге қабілетті болу үшін цифрлық технологияны барынша меңгеру керектігін баса айтып кетті.

Сұхбат соңында болашақ журналисттерге жылы лебізін білдіріп, келешекте үлкен үмітті ақтайтындықтарына кәміл сенетінін айтты. Жастарға берері мол тұлғаның жастармен кездесуі елеулі оқиға болды.

Әділ Әуезханов,

журналистика мамандығының 3- курс студентті,

Талшын Нұрланова,

журналистика мамандығының  1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo