Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Келешекке таза экологиямен

1 ақпанында  «Қазақстан-Өскемен» телеканалында «Су, ауа және топырақ – ортақ экологиялық мәселелер» атты ток-шоу өз жұмысын өткізді.

Бағдарламаға Ақаев Ғафур Ақайұлы – ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі, Қашқымбаева Сәуле – ШҚО мемлекеттік экологиялық бақылау Департаментінің бас маманы, Идришева Жанат Қабылбекқызы - ШҚМУ экология және география кафедрасының меңгерушісі, Байжұманова Лейла Төлеубайқызы - аға оқытушы, «Серпін-2050» штабының жетекшісі, Сейітжан Дидар, Ибаділдаева Маржан - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 2 курс студенттері қатысты. 

Бағдарлама барысында аймақтағы, қаланың экологиялық мәселелері қөтеріліп, алдын алу шаралары қарастырылуы туралы сөз қозғалды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде эколог, географ, техника қауіпсіздігін сақтау инженер кадрларды дайындау ерекшеліктері туралы, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, тұрғындар арасында экологиялық ағарту жұмыстары мен мәдениетті жақсарту әңгімесі талқыланды.

Сөз барысында өрт қауіпсізідік тақырыбында өрт - техногендік апаттардың қатерлі көзі болатынына, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті жою ықпалы бар екеніне, олардың алдын алу профилактикалық жолдарына  аса назар аударылды.

Студенттер өз ойларын аша отырып мамандықтарын таңдау себептерін, келешекке деген жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында тікелей эфирде ток-шоуға қатысушылар теледидар көрермендерінің сауалдарына жауап берді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo