Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Кітапханада коворкинг-орталығының ашылуы

Бүгін 19 маусым күні А. С. Пушкин атындағы кітапханада қаламыз үшін ғана емес, бүкіл шығыс өңірі үшін өте маңызды шара - заман талабына сай «Коворкинг орталығының» ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынды ШҚ облысының әкімі Д.К. Ахметов ашып, қала халқын заманауи орталықтың ашылуымен құттықтады.  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ашылып отырған бұл орталық фриланс режимінде жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік-сыныптар, тренингтер, ағылшын тіліндегі клубтар) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

«Коворкинг» сөзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Замануи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Біздің кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет, Skype арқылы сұхбаттасу, принтерлер мен сканерлер.

Жобаның басты мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 

Қазақ
× You found a Typo