Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

КМжАТ кафедрасында білім беру бағдарламалары бойынша жобалық комитеттердің отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 6В01501 – Информатика, 6В01511 – Математика-Информатика, 7М01501 – Информатика, 8D01501 – Информатика педагогикалық бағытындағы білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша онлайн режимде жобалық комитеттердің отырысы өтті.

Жоба комитетінің кезекті отырысының басты мақсаты жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндер каталогының (ЭПК) мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу болды.

Бірлескен жоба комитетінің отырысына қарастырылып отырған білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен менеджерлері, студенттер, жұмыс берушілердің өкілдері («Дарын» орталығы, Оқу-өндірістік комбинаты, Ш. Уәлиханов атындағы №3 ОМ, А. Байтұрсынов атындағы №20 мектептер) қатысты.

Жобалық комитеттердің мүшелері білім беру бағдарламаларының элективті пәндер каталогын жобалау мен әзірлеуге бірлесіп қатысты және бірауыздан қабылданған шешіммен жаңа пәндерді енгізбей-ақ пәндер мазмұнын өзектендіруге дауыс берді. Бұл шешім өткен жылы 2020-2021 оқу жылына жаңа пәндердің 10%-дан астамы енгізілгенімен негізделген.

БББ пәндерін өзектендіру кезінде бірлескен жоба комитетінің мүшелері кәсіби стандартты, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін, еңбек нарығының тенденцияларын, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, студенттердің білім сұраныстарын ескере отырып, білім беру жүйесінің реформалары мен даму перспективаларын ескере отырып қарастырды.

Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша қолданыстағы пәндердің тақырыптарын түзету бойынша ұсыныстар енгізілді: цифрлық технологияларды енгізу арқылы дамудың инновациялық жағдайларын жасау, цифрлық және бұлтты технологияларды қолдану бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері, цифрлық технологиялар саласындағы оқытушылардың шеберлігі, білім берудің цифрлық трансформациясы мәселелері мен болашағы.

Кездесу соңында білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ж.З. Жантасова ББ менеджерлеріне жобалық комитет отырысының ұсыныстарына сәйкес ЭПК-на түзетулер енгізу туралы тапсырма берді және 2021-2022 оқу жылына арналған силлабустардың (пән бағдарламаларының) мазмұнын жаңартуға ерекше назар аударды. Өз кезегінде жұмыс берушілердің өкілдері жобалық комитеттің келесі отырысында пәндердің жаңартылған мазмұнымен танысуға ниет білдірді.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo