Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

КМжАТ кафедрасында ШҚУ мен В. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында онлайн режимде «Информатика» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты К. Сарбасованың зерттеу жұмыстарының барысы талқыланды.

Талқылауға докторанттың ғылыми кеңесшілері – педагогика ғылымдарының докторы, В. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессоры Н. Пак, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қауымдастырылған профессоры Н.Т. Ошанова, PhD, доцент А.С. Тілебалдинова және техника ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Ж.З. Жантасова қатысты.

Кездесу барысында докторант К. Сарбасоваға зерттеу бағыты бойынша ұсыныстар жасалды, жекелеген міндеттер нақтыланып, қаралу үшін зерттеу жұмысына қатысты сұрақтар мен мәселелер белгіленді. Талқылау аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен В. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы ғылым саласы бойынша және докторанттардың тағылымдамасы, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша неғұрлым ауқымды ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo