- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 65 жылдық мерейтойына орай Жоғары колледжде «Колледж ардагерлерімен кездесу» дөңгелек столы өткізілді.
Кездесудің мақсаты көпті көрген данагөй ұстаздарымыз өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибырат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген еңбекқор, кішіпейіл, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Кездесуге Баянгазина Роза Дүйсенбековна, Баянжанова Беганым Слямовна, Етекбаева Бибихан Уатхановна және колледжіміздің әдіскері Кучербаева Фарида Мергалимовна сынды еңбегі сіңген ардагер ұстаздар қатысты. Дөңгелек үстел колледж директоры Сарсен Дуйсенбаевичтың құттықтау сөзімен ашылды.
Студенттер ардагерлерге концерттік бағдарламаларын ұсынып, «Еркін микрофон» айдары арқылы қонақтарымызға сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстел барысында ұстаздарымыз еңбек жолындағы қызықты оқиғаларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Жас мұғалімдер жұмысына табыс тіледі. Кездесу соңында колледж директоры ардагерлерге көп жылғы еңбегі және колледждің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.
Ақыл парасаты жарасқан ұстаздарымыз ақ дастархан жайып қарсы алған кешіміздің сыйлы қонағы болып қайтты.
Жаратылыстану-математика, информатика және физика ПЦК