Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Колледж түлектері ҰБТ-ны ЖОО-ларға қабылдаудың жаңа ережесі бойынша тапсырады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы ҰБТ өткізу пункті (ҰБТӨП) хабарлайды:

ЖОО-ларға қабылдаудың жаңа ережесіне сәйкес 2019 жылдан колледждер түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсыруы тиіс:

- ұқсас мамандыққа түсу кезінде – 2 бейінді пән бойынша

- өзге бейіндегі мамандыққа түсу кезінде – 5 пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы + 2 бейінді пән) бойынша.

ҰБТ-ға қатысуға өтінім беру мерзімі: 1 сәуірден 10 мамырға дейін.

ҰБТ өту мерзімі: 20 маусымнан 5 шілдеге дейін.

ШҚМУ өткен жылдардағы колледждер және орта мектептер түлектері үшін 10 мамырда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша кешенді тестілеуге (ҰБТ) қатысуға арналған өтініштер мен құжаттарды қабылдау аяқталатынын ескертеді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы ҰБТ өткізу пункті

Қазақ
× You found a Typo