Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында ерекше кураторлық сағат өтті

17 қазан халықаралық студенттер күніне орай Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының «5В060200-Информатика», «5В011100-Информатика» мамандықтарының 4 курс студенттері арасында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараны топ кураторы Арайлым Тұқышова құттықтау сөзбен бастады. Студент Таңшолпан Қайкенова халықаралық студенттер күні жайлы тарихи ақпаратпен бөлісті. 4 жыл бойғы топтың атаулы күндерінен естелік суреттер презентация түрінде ұсынылды. Слайдты Жеңісбек Нүрбан дайындады.

Кураторлық сағатта студенттермен интеллектуалды ойын ойнатылды. Әр түрлі бағытта сұрақтар болды. ШҚУ туралы да сұрақтар кездесті.

Ойын барысында тапқырлығы мен шапшаңдығын танытқан студенттер марапатталды. I орынды Нұрымбет Елтай, II орынды Таңшолпан Қайкенова, III орынды Нұрдәулет Әнуарбек иеленді.

Кураторлық сағат соңында студенттердің сабағы, үлгерімі, дипломдық жұмыстары және басқа да мәселелер талқыланды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультет

Қазақ
× You found a Typo