Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі VEHITS-2020 конференциясына қатысты

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Жеңіскүл Жантасова VEHITS-2020 халықаралық конференциясына онлайн қатысты. Кафедра меңгерушісі ағылшын тілінде онлайн-стриминг режімінде «Байк-шеринг жүйесін қолдану паттерндерін зерттеуге арналған темпоралдық желілер негізіндегі әдіс» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция – зияткерлік көлік жүйелерін жобалау саласындағы озық ғылыми тәжірибе алмасуға арналған жоғары рейтингілік алаң. Конференцияның тұрақты төрағасы – Ford компаниясының техникалық директоры, доктор Олег Гусихин (АҚШ).

Көлік құралдары технологиялары және зияткерлік көлік жүйелері бойынша 6-шы халықаралық конференцияның (VEHITS) мақсаты – көлік құралдары технологиялары және зияткерлік көлік жүйелері саласындағы жетістіктер мен қосымшаларға мүдделі инженерлерді, зерттеушілер мен практиктерді біріктіру.

Жеңіскүл Зейнешқызын «Азия Авто» машина жасау концернінің қолдауымен Цифрлық технологиялар және үлгілеу зертханасы мен Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының базасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін табысты ұсынуымен құттықтаймыз!

Цифрлық технологиялар және үлгілеу зертханасы, 

компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo