Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Конституция тарихына арналған басқосу өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 65 жылдығына орай 2 курс П2Б тобы студенттері арасында «Құқықтану» мамандығы бойынша «Конституция – кемел келешектің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Үлбі полиция бөлімінің инспекторы, аға лейтенант Қ. Талапбек қатысты. Студенттер белсенділік көрсетіп, Конституция тарихы және оның дамуы туралы білімдерін жетілдіре түсті.

Ішкі істер органдары қызметкерлері мен студенттер арасында әріптестік қалыптасты. Дөңгелек үстелдің арқасында студенттердің шығармашылық белсенділігі артты. Олар өз пікірлерін ортаға салып, ойларын жеткізе алды.

Баяндамшылар мына номинациялармен марапаттады: «Үздік баяндамашы» – Слямбеков Эльдар, «Сөз шебері» – Баелбаев Жасан, «Үздік білгір» – Шалқарова Ақбота, ал Қызырбекова Әйгерім мен Ришатова Жанбота белсенді қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.

Ш. Жасұзақова,

заң пәндерінің оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo