Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Көптен күткен қонағымыз ШҚМУ-да

25 сәуір оқу ордамызға «халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, «Серпін» ұлттық жобалар басқармасының» жобасының басшысы Тобатаевa Күлзия Қадырқызы келді.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға - «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттеріміздің  қал жағдайын сұрап, сұхбаттасты. Сонымен қатар, қуанышты жаңалықтарымен бөлісті.

Атап айтатын болсақ, студенттеріміз енді шетелде тәжірибе алмасумен қатар, мамандығы бойынша  бакалавриат дәрежесін аяқтағаннан кейін, Серпіннің арнайы жеке магистратура оқуын жалғастыра алатын мүмкіншілікке ие бола алады. Жақсы жаңалықтардың бірі  - алдағы оқу жылдары еліміздің оңтүстік өңіріндегі (ОҚО, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарында) қалалық және ауылдық барлық жастар «Серпін» бағдарламасымен білім ала алады.

Бұл жылы  «Серпін» бағдарламасының  мемлекеттік білім беру грант саны  Серпін квотасы бойынша 5000-ға көбейеді. ШҚМУ студенттері мен профессорлық–оқытушы ұжымы К.Қ. Тобатаеваны жылы тілектермен мыңдаған жастар қамын ойлап шалғай жерлерге келгеніне алғыс білдіріп шығарып салды.

Серпін штабы

Қазақ
× You found a Typo