Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Көптілділік - заман талабы» атты семинар

27 қаңтар күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Көптілділік – заман талабы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға облысымыздың аудандарынан, Семей қаласынан, Өскемен қаласынан мектеп мұғалімдері келіп қатысты. Семинар жұмысының бағыты: көптілді білім берудің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелері; мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі; инновациялық-педагогикалық технологиялар; мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланыс; кәсіби бағдар.

Семинар жұмысын қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Сейпутанова А.Қ. кіріспе сөзімен бастап, бұл шараның мақсатымен таныстырды.

Ғылыми семинардың модераторы ф.ғ.д., ШҚМУ профессоры Картаева  А.М. «Абайтану» пәнін үш тілде оқыту арқылы студенттердің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру», ф.ғ.к., ШҚМУ доценті Бияров Б.Н. «Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелден келген студенттерге қазақ тілін оқыту мәселелері»,  шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Торгаева Р.К. «Шет тілін меңгертуде қолданылатын инновациялық технологиялар», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты, Өскемен қаласы № 24 орта мектебінің жоғары санаттағы мұғалімі Аскетаева М.Т. «Жаңартылған білім мазмұны аясында орыс тілді мектепте қазақ тілін – екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктері», ДБА Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушылары Слетова А., Нұғымарова Ш. - «Елбасы еңбектеріндегі шешендік сөз өнері үш тұғырлы тіл аясында», ҚХР Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының студенттері Ван Дзили, Ли Чендзюннан «Қазақ тілін үйренудегі қиындықтар» тақырыбында баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды.

Семинар соңынан қорытынды жасалып, мектеп мұғалімдеріне сертификаттар таратылды. 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo