Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қосымша білім беру саласындағы мұғалімдерге арналған көрме

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында (№1 оқу ғимараты, 229 ауд.), Біліктілікті бекіту орталығында дәріс алып жатқан, тікелей мектеп оқушыларының қосымша білімімен айналысатын, облыс мұғалімдеріне арнайы «Шеберлік шыңына... К вершинам мастерства» атты көрме ұйымдастырылды.

Мектепте қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі.

Көрмеге қосымша білім мәселеріне қатысты ғылыми конференция материалдары, оқу құралдары, ғылыми, әдістемелік, педагогикалық мерзімді басылымдардан алынған мақалалар және ШҚМУ оқытушыларының еңбектері қойылды.

Көрмеге сонымен қатар, кітапхананың сирек кітаптар қорынан кітаптар ұсынылды. Педагагогикалық мамандық оқытушылары мен студенттерді көрмеге шақырамыз.

 Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo