Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР БҒМ вице-министрі Т.О. Балықбаев ШҚМУ студенттерімен кездесу өткізді

Жақында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Тахир Балықбаев «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Аталған кездесу барысында Вице-министр Тахир Балықбаев алдымен студенттер оқып жүрген оқу орындары басшыларын, одан кейін студенттердің өздерін тыңдады.

Білім ордаларының басшылары студенттердің әлеуметтік жағдайының жасалғандығын баяндады. Студенттер тегін білім алғаны үшін мемлекеттік қамқорлыққа рахмет айтты. Диплом алған соң Шығыс жерінде еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.

Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев: «Шығыс өңірлерде мамандардың жетіспейтіндігін, оңтүстік өңірде еңбек ресурстарының көп екендігі ескеріліп жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты студенттер дұрыс түсініп, оған жауапкершілікпен қарау керек.

Оқуды бітіргеннен кейін, осында үш жыл қалып еңбек етіңіздер, белсенді болыңыздар. Ұнаса одан кейін де осында қалыңыздар. Бөтен ел емес, бір елдің іші» – деді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo