Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің сөйлейтін сөзінің жобасы

18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы мәселелері бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінде өтетін отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің сөйлейтін сөзінің жобасы.

Білім саласының ең маңызды мәселесі–мамандарды сапалы даярлау арқылы келешекте жұмыспен қамту және олардың еңбек нарығында қажетті болуы.

Республикада жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің азайғаны байқалады. 2015 жылмен салыс

тырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық төрт бүтін екі ондық проценттен 2017 жылы үш бүтін сегіз процентке дейін төмендеген.

Бұған «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! (Серпін)» сияқты және тағы басқа әлеуметтік программалар мен жобалады орындау арқылы қол жеткіздік.

Соңғы жылдары кадрлар даярлау сапасы жақсарды және бітірушілерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші жоғарылады.

Колледж бітірушілерді жұмысқа орналасу көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда он екі бүтін алты ондық процентке артты – жетпіс тоғызда төрт проценттен 2012 жылы тоқсан екі процентке дейін 2017 жылы.

Сонымен бірге, соңғы 10 жылда өзін жұмыспен қамтыған жастар саны азайды.

Жастар жаңа экономика жағдайына жылдам бейімделіп, үйренеді. Дегенмен, олардың практикалық тәжірибесі болмағандықтан еңбек нарығында сұранысы әлі аз.

Өзін жұмыспен қамтыған жастар арасында практикалық кәсіби білімі жоқ жастар көптеп кездесуде.

Жұмысы жоқ жастардың көбісінде орта білім ғана бар. Өткен жылы 18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастардың саны 380 мың адамды құрады.

Президенттің Қазақстан Республикасының Қауіп-сіздік Кеңесінің 2018 жылғы 30 мамырдағы отырысында берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі 18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту бойынша жол картасының жобасын әзірлеуге қатысты.

Жол картасы жобасындағы 30 ісшараның он төртінші бойынша Министрлік бірлескен орындаушы болып табылады.

2014 жылдан бастап «Серпін» жобасы іске асуда. Қазіргі таңда Серпін жобасы аясында 9 облыстағы 26 ЖОО-да он екі жарым мың студент және 7 регионда отыз жеті колледжде 2 мың 300 студент білім алуда.

Жалпы, аталған жоба жастар, әсіресе, әлеуметтік статусы төмен отбасындағы жастар арасында үлкен қызығушылық туғызуда және олар-дың кәсіби дамуына әлеуметтік лифт болып табылады.

Бірақ та, осы Жоба бітірушілеріне жұмысқа орналасуда кепілді орынның болмауы –проблемалық мәселенің бірі.

Осы мақсатта Министрлік «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап-пай кәсіпкерлікті дамытудың төрт жылға арналған мемлекеттік программасының жобасына оқу орындарын бітірген Жоба бітірушілерін еңбек күші аз региондарға міндетті түрде жұмысқа орналасу бойынша норма енгізді.

Жоба аясында бітірушілерді жұмыспен қамту үш жақты келісімге сәйкес жүзеге асады, яғни шарт білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасында жасалады.

Жастарды бөлу, оларға жұмысқа тұруға жолдама беру және жұмысқа орналасу білім беру ұйымдарының бағыттарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасауға тиіс.

Одан басқа, Бюджет кодексіне сәйкес Серпін жобасына көзделген қаржы 2019 жылдан бастап республикалық бюджет-тен трансферт ретінде акиматтар бюджетіне беріледі.

Сонымен бірге, 2017 жылдан бастап баршаға арналған тегін техникалық-кәсіптік білім жобасы іске асуда. Осы жобаға сәйкес барлық ниет білдірушілердің тегін кәсіпті алуға мүмкіндігі бар.

Жоба шеңберінде колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 54%-ға дейін көбейді.

Бұл соңғы 5 жылдан бері жыл сайын қысқарып жатқан колледждер санының келеңсіз трендін тоқтатуға жағдай жасады.

Одан басқа, дуальды оқытуды енгізу бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр. Дуальды оқыту 460 колледжге енгізілді, оған 3 мынан астам кәсіпорын қатысады. Дуальды оқыту бойынша 31 мың студент білім алуда.  

Практика дуальды оқытудың жастарды жұмыспен қатамасыз етуде тиімді екенін көрсетіп отыр.

Ол үшін кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында Министрлік-пен жан басына қаржыландыру аясында дуальды оқытуға қатысатын компанияларға төленетін ақша көзделген.

Министрлік техникалықкәсіптік білім жүйесіне жастарды тарту мақсатында Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic-ке ұқсас құзырет орталықтарын құру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Бұл мәселе бойынша осы жылы акиматтардың және жұмыс берушілердің қатысуымен әр сала бойынша озық колледж-дер арасынан іріктеу жұмысы жүргізілді.

Осындай орталықтарды құру үшін Министрлік акиматтармен бірлесіп, 5 құзырет орталығын пилотты режимде іске қосу мәселесін пысықтап жатыр.

Жол картасындағы басты мәселенің бірі–2018 жылы ЖОО-ға оқуға түспеген және әскерге шақырылмаған мектеп бітірушілерінің деректер базасын жасау болып табылады.

Осы база жасалған соң, мектеп бітірушілер туралы ақпарат Қоғамдық даму министрлігіне жолданатын болады.

Жалпы, Жол картасы бойынша тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ
× You found a Typo