- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14 мамыр күні ҚР білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев ШҚО-ға жасаған іссапары барысында Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының басшыларымен кездесу өткізеді.
Өткізу орны мен уақыты: Өскемен қ, Қазақстан көшесі, 55, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, 2 қабат, акт залы, сағат 14.00.
Сонымен қатар, вице-министр ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында сағат 18.00-де «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездеседі деп күтілуде.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі