- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі цифрлық технология саласында қайталанбас «Қазақстан – Ұлы дала елі» цифрлық қосымшасын ойлап тапты.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Ұқсастық және бірлік» 4 бағытын іске асыру шеіберінде жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беру Департаменті ҚР СІМ құрастырған «Қазақстан – Ұлы дала елі» цифрлық қосымшасын оқу процессінде қолдану үшін бағыттады.
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халыққа есеп беру кездесуінде «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа туындыны таныстырды.
Сандық қосымшаны таныстырған Ерлан Ыдырысов жаңа өнім ҚР Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институционалды реформалар аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберіндегі 87-ші «қадамды» жүзеге асыруға қосылған елеулі үлес екенін айтты.
«Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген болатын.
Министрдің айтуынша, бұл қосымша - Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі.
Қосымшада бұған дейін еш жерде жарық көрмеген эксклюзивті көптеген фотосурет пен бейнематериалдар бар.
Қосымша «Windows», «Apple», «Android» жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.
«Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы - 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым», - делінген хабарламада.
Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe сөзін енгізу қажет.
Тікелейсілтемелер:
AppStore - https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8
Play Market - https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan
Жеке компьютердепайдалануүшінСыртқыістерминистрлігініңресмисайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасынорнатумүмкіндігі бар.
Қосымшатуралымәлімет:
«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандыққосымшасынтаныстыратынқысқашабейнероликпенкелесісілтемеарқылытанысуғаболадыhttps://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.