Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновпен «Серпін» жастары кездесті

Қаңтардың 16-сы күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 4 студенттер үйінің мәжіліс залында еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновпен «Серпін» жастарының кездесуі өтті.

Кездесу барысында студенттеріміз көкей тесті мәселелер мен ойда жүрген сұрақтарға жауап алды.

Ең алдымен физика мамандығының 3 курс студенті әрі Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Батырбай Әбілxайыр осы «Серпін» бағдарламасы жайлы, студенттеріміздің оқу үлгерімі жайында сөз етті.

Кездесу барысында болашақтағы тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту, өзгертілген ҰБТ форматы, теміржол мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды. Сұрақтарына толық жауап алып, сонымен қатар басқада ақпараттар алған студенттеріміз қонағымызға алғысын білдірді!

Болашақ жастардың қолында. Ал осылай жастарға көңіл бөліп, көкей тесті сұрақтарына жауап беріп, кездесулер ұйымдастырып жатқан жандарға айтар алғысымыз шексіз! Бүгінгі күні «балам»-дейтін аға болса, ертеңгі күні сол баладан «елім»-дейтін адам шығары сөзсіз!

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті

Ильяс Інжу

Қазақ
× You found a Typo