- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ШҚО-ға жасаған жұмыс сапары барысында бизнес ортаны дамыту шаралары туралы республикалық кеңеске және ғылыми ұйымдар мен өндірістік өнеркәсіптердің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Сақтағанов және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйледі, соның ішінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры И. Шацкий, «Алматы желдеткіштер зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы М. Баққұлов, Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының президенті Е. Садықов және «ЕСКО» ЖШС директоры А. Шмарин бар.
Кездесу қатысушылары өнеркәсіптің түрлі салаларында мемлекеттік сатып алулар жүйесін дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.
Баспасөз қызметі