Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Президентінің Жолдауы аясында: ШҚМУ облыс мектеп оқушылары мен студенттерінің қатысуымен «Ұлтты бастар – рухты жастар» жобасына бастамашы болып отыр

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы отандық білім беру жүйесі тарихындағы жарқын оқиға болды, маңызды құжатта білім саласына жан-жақты қолдау көрсету нақты міндеттелді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап білім беру саласын дамыту Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып келеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «ұлттар бір-бірімен тек тауарлар мен қызметтер бойынша ғана емес, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар және білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі».

Еліміздегі білім беру шығындары ішкі жалпы өнімнің 4,2 пайызын құрайды және ЮНЕСКО ұсынған нормаларға (5-6%) жақындап келеді. Ел Президенті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 5 жыл ішінде білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаржыны ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу керектігін міндеттеді. Бұл қосымша қаржыландыру білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша білім беру жүйесі алдында тұрған стратегиялық міндеттерді орындауға мүмкіндік бермек.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – 66 жыл бойы еліміздің Шығыс өңірі үшін педагогикалық кадрларды дайындап келе жатқан жоғары оқу орны. Шығыс Қазақстан облысындағы директорлардың, директорлар орынбасарларының және мұғалімдердің 75 пайызы – біздің түлектер. 

Жоғары оқу орнымыздың ұжымы «Ұстаз мәртебесі туралы» Заңның қабылдануына үлкен үміт артуда, біздің ойымызша бұл құжат педагогикалық мамандықтарды таңдаған талапкерлер санын көбейтуі тиіс.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын қолдау мақсатында 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов 467 білім грантын бөлді, бұрын-сонды мұнша көп грант берілген емес-тін, оның ішінде 160 грант нақ осы педагогикалық мамандықтарға бағытталды.

Ел Президенті 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады. Университет «Ұлтты бастар – рухты жастар» жобасын бастап отыр, оған облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер белсенді атсалысатын болады.

                         Мұхтар Төлеген, Сәрсен Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректор,

философия докторы (PhD), профессор  

Қазақ
× You found a Typo