- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Бүгінде біз өзіміздің тарихи мақсатымызды орындап, тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстаның қалыптасуына үлес қосудамыз. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде мықты мемлекет, жаңа экономика және жаңа қоғам құрылды.
Біздің басты байлығымыз – ол адамдар. Олар өздерінің еңбектерімен, тарихымыз бен дәстүрлерді ұмытпай, насихаттап, туған жеріміздің мәртебесін асқақтатып жүрген жандар. Қазақстанның халқы Президентімен бірге егеменді, гүлденген мемлекетті құруды жалғастыруда.
Бүгінде өздерінің шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен, өнерімен, атқарып келе жатқан жұмыстарымен университетіміздің, облысымыздың, Қазақстанның мәртебесін асқақтатып жүрген, еркіндік пен жеңістің рухын бойына сіңірген жастар өсіп келеді.
Осынау айтулы мереке қарсаңында студенттерге, оқытушыларға, ШҚМУ-дың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, ырыс, ынтымақ, береке бірлік тілеймін!
С.Аманжолов атындағы ШҚМУректоры Ә.У.Қуандықов