Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып олимпиада өтті

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің  «Қазақстан тарихы» кафедрасының  ұйымдастыруымен, Шығыс Қазақстан облысының мектеп түлектері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстан тарихы» бойынша олимпиада өткізілді.

 Қатысушылар олимпиаданың талаптары бойынша білімдерін көрсетіп, бірнеше айналымдар бойынша бақ сынасты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының 2017-2018 оқу жылына арналған грантына Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Таңжарұлы Амантай  ие болды.

Ал 1 орынға – Мамырбеков Нартай (Өскемен қаласының №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы), 2 орынға – Нұрланова Аяулым (Өскемен қаласының №23 орта мектебінің 11 сынып оқушысы), 3 орынға – Шеренько Андрей (Өскемен қаласының №15 орта мектебінің 11 сынып оқушысы) ие болып, марапатталды. 

Қазақ
× You found a Typo