Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс ШҚУ-да тікелей эфирде өтті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Еркіндігім, қасиетім, қастерлім: Тәуелсіздік - мызғымайтын тірегім» жастар форумы аясында еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара amanzholov university Instagram арқылы тікелей эфирде көрсетілді. 

– Бүгін біз Тәуелсіздік жолында күрескен бабаларымыздың табандылығы мен батылдығына тағзым етеміз! – деді жүргізуші көрермендерге.

– Тәуелсіздік күні – халқымыз үшін қасиетті мереке. Біздің еліміз көпұлтты, бұл – біздің басты бір артықшылығымыз, өйткені біз бәріміз біртұтаспыз және бізді Отанымыз, достық, құрмет, бауырластық сезімі және ортақ мәдениет біріктіреді. Біз өз тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді бағалауға тиіспіз. Мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, мол табыс және құт-береке тілеймін! – деді университет ректоры М.Ә. Төлеген өз құттықтауында.

Салтанатты шара барысында студенттер музыкалық нөмірлер мен әдеби пролог орындады.

- Қазіргі Қазақстан – экономикасы тұрақты және болашаққа бағыт алған тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет. Біздің әрқайсымыздың парызымыз – еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бағалау және құрметтеу. Олар арқылы біз елімізді мақтан тұтамыз. Олар арқылы бізді бүкіл әлем таниды, қабыл алады, – салтанатты іс-шара жүргізушілердің осындай сөздерімен, сондай-ақ «Жаса, Қазақстан» финалдық әнімен аяқталды.

Әннің қайырмасында Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның студенттері Көк байрақтарымызды көтеріп шықты.

Еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Баспасөз қызметі,

тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo