Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының жастарымен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Шығыс Қазақстан облысындағы күндерінің және ШҚО әкімдігі мен Қордың арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың аясында жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының жастарымен кездесу өтті.

Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастарға ауқымды бағдарлама дайындалды, бағдарламаға Қор жобаларын жүзеге асыру туралы диалог алаңдарының жұмысын ұйымдастыру, сандық технология саласында жеке дағдыларды дамыту үшін шеберлік сыныптарын өткізу мәселелері енгізілді.

«Жастар – Қазақстанның болашағы. Елдің дамуы ең алдымен жастардың білім дәрежелері мен белсенділіктеріне байланысты. Біз жастарға өз таланттары мен қабілеттерін Қордың шығармашылық және ғылыми жобаларына қатысуда қалай қолдануға болатыны  туралы әңгімеледік. Бұл ғылым, ІТ-сала, мәдениет, оның ішінде журналистика мен әдебиет өкілдеріне арналған конкурстар мен гранттар, студенттік стипендия және басқа да көптеген мәселелер»,- деп атап өтті кездесуге қатысқан спикерлердің біреуі – Тұңғыш Президент Қорының жанындағы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров.

Облыс жастары Қордың «Method PRO» атты IT-жобасына белсене қатысқанын атап өту қажет. Соның нәтижесінде жас бағдарламашылар индустрияның үздік мамандарынан кәсіби түрде IT-оқытудан өту мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, аймақтың талантты жастары қазақстандық жас старттық жобалардың ғаламдық нарыққа шығуына жол ашатын «Smart Zholy» бағдарламасына қатысты.

Кездесудің келесі қатысушысы Қордың жанындағы Шығармашыл жастар Кеңесі төрағасының орынбасары Гаухар Тасбергенованың айтуынша, «Тұңғыш Президент Қорының жобалары көптеген қатысушылар үшін өз қабілеттерін дамытуға жасалып отырған қосымша ынталандыру көзі болып табылады. Оған қоса жобаға қатысуға дайындау, өз жұмыстары мен идеяларын қорғау – әр қатысушы үшін өмірде міндетті түрде қажет болатын баға жетпес тәжірибе».

Кездесу барысында ҚР Тұңғыш Президенті қорының тұрақты серіктесі, мемлекеттік тілді дамыту Қорының директоры Азат Шауеев кездесуге қатысушыларға «Кім ақылдырақ?», «Qazaq latyn keyboard», «Qazaqstan 3D» және тағы да басқа жобалар арқылы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы әңгімеледі.

Қордың баспасөз қызметінің басшысы Ақерке Берлібай өз кезегінде «Әлеуметтік медиа: SMM және PR сандық әлемдегі үздік тәжірибелері» тақырыбына шеберлік сыныбын өткізді. Студенттер ұйымды жайғастырудың түрлері мен әдістері, ақпаратты тыңдаушыларға жеткізу тәсілдері туралы тәжірибелік мәліметтер алды.

«FinTech Group» компаниясының өкілдері Шоқан Құсайынов пен Абзал Оспанов Қазақстандағы «блокчейнді» дамытудың болашағы туралы мәлімет берді.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры делегациясының жастармен кездесуі еркін, әсерлі жағдайда өтті. Әр қатысушы өзін мазалаған сұрақтарын қойып, сұрақтарына толық жауаптар алды.

Кездесуге қатысушылар «Бүгінгі кездесу шын мәнінде өте қызықты өтті. Жастардың шығармашыл жобалары туралы пайдалы ақпарат алдық. Өз жұмысың туралы, жұмыс барысында нені қолдануға болатыны туралы тыңдағандарымызды келешекте адамдармен жұмыс істегенде қолданатын боламыз, - деп өз ойларымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

 

Қазақ
× You found a Typo