Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚР ЖОО талап етілуінің ұлттық рейтингісі жарияланды

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі өткізетін 2017 жылғы бағыттары мен деңгейлері бойынша мамандарды даярлау ҚР ЖОО талап етілуінің ұлттық рейтингісі жарияланды. Ұлттық рейтингке жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларын дайындайтын ҚР 59 ЖОО қатысты.
Бағалау «Дарынды студенттер, оқытушылар және зерттеушілердің жоғары концентрациясы», «Академиялық ұтқырлық», «Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі», «Мамандықтың оқытушылар, магистранттар және докторанттарының ғылыми басылымдарының бәсекеге қабілеттілігі»» сияқты индикатормен жүргізілді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Мамандарды даярлау бағыты бойынша институционалды рейтингте келесі орындарға ие болды:
«Білім беру» бағыты бойынша – 8 орын;
«Гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – 7 орын
«Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша – 6 орын
«Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша – 6 орын.
Мамандарды даярлаудыңбағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингісінде бакалавриат пен магистратураның 15 білім беру бағдарламасы алдыңғы үштікке енді:
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В060500 – Ядролық физика
5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
6М010500 – Дефектология
6М010800 – Дене шынықтыру және спорт
6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
6М012000 – Кәсіптік оқыту
6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
6М020100 – Философия
6М020300 – Тарих
6М020400 – Мәдениеттану
6М020500 – Филология
6М060200 – Информатика
6М060900 – География
Саралау нәтижелері 2017 жылдың 23 мамырындағы №96 (28475) "Казахстанская правда" газетінде және http://www.iaar.kz/ru/rejting/rejting-vuzov-2017сайтында жария етілді.
Қазақ
× You found a Typo