Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Кәсіби бағдарлау жұмыстары қарқын алды

ШҚМУ облыстың колледждеріндегі кәсіби бағдарлау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы А. Өскембай, Психология, педагогика және мәдениет факультеті деканының орынбасары Д. Байдрахманов, Физика және технология кафедрасының оқытушысы П. Зұлқаршын, Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының маманы А. Дауылбаева Семей педагогикалық колледжіне кәсіптік бағдарлау жұмыстарына аттанды. Оның алдында оқытушылар Өскемен гуманитарлық колледжі түлектерімен кәсіби бағдарлау бойынша кездескен-ді.

Колледж түлектеріне университет, факультеттер мен мамандықтар, қос дипломды білім беру бағдарламалары, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, шығармашылық мамандықтар, жаңадан ашылған мамандықтар, ТКТ өткізілуі және жоғары оқу орнына қабылдау тәртібі туралы ақпарат берілді.

Кездесуге 300 колледж түлегі қатысты. Түлектер ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, университетке түсу тәртібі туралы көп сұрақтар қойды. Барлық қатысушыларға брошюралар, университеттің ақпараттық буклеттері таратылды.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo