Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Құқықтану» мамандығының магистранттары Бишкек қаласындағы Ж.Балағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде тағылымдамадан өтті

23 мамыры мен 1 маусымы аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының магистранттары Бишкек қ Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеттінде тағылымдамадан өтті.
Бірінші күні жиналыс ұйымдастырылып, онда құқықтану факультетінің деканы Мырзалимов Р.М., қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. И.Т.Ганиева сөз сөйледі. Пікірталас барысында келесі тақырыптар талқыланды: Қазақстан және Қырғызстан Республикасының білім беру жүйесі; мемлекеттердің ішкі және сыртқы құқықтық саясаты және т.б.
Ж.Баласағын атындағы құқықтану институты кітапханасының оқу залында оқу құралдарымен танысумен қатар, ғылыми негізделген магистерлік диссертация жазу үшін көптеген пайдалы ақпараттар жинақтауға мүмкіндік берген «Консультант Плюс» және «Гарант» ақпараттық-анықтамалық мәліметтер базасы жүйелерімен ауқымды жұмыс жүргіздік.
Біздің топ магистранттары белгілі ресейлік, қырғызстандық заңгерлер ғылыми еңбектерімен танысып, көптеген кітаптар, авторефераттарды сыйға алды.
Тағылымдама барысында дәрістер мен семинарлық сабақтар жүргізілді. Әсіресе, з.ғ.к. Д.М.Осмоновтың «Жазаны атқарудағы мәселелер» тақырыбындағы дәрісі аса қызықты өтті.
Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстың әр түрлі кезеңдерімен (зерттеу міндетін қою, әдебиеттік пысықтау, зерттеулер нәтижелері бойынша қорытындыларды шығару); ғылыми ізденістің әр түрлі әдістерімен танысты.
Тағылымдама соңында магистранттарға шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту туралы Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің сертификаттары табысталды.
Осылайша экономика және құқық факультетінің халықаралық қатынастары шындала түсуде. Осыған орай, біз білім берудегі мұндай тәжірибе алмасудың қажеттілігін атап өтіп, берілген мүмкіндіктер үшін Қырғыз ұлттық университетінің құқықтану институтына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Құқықтану мамандығының магистранттары

Қазақ
× You found a Typo