Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

А. Күнтуғанұлы: Біздің қазіргі қазақстандық мәдениеттегі әлемге мақтанышпен айтарлық құбылыс

Бізді қоршап тұрған әлемдік кеңістіктегі қарқынды алға басу жолында әр мемлекет өзінің мәдениеті мен әдебиетін һәм рухани дүниесін алға тартып әлек. Басқаша айтқанда әркім өзіндегі құндылықтардың тағанын бекітіп, рухани әлеміне қамал тұрғызудың жолында тынымсыз күрес үстінде.

Виртуалды әлем мен техниканың қарыштауының құрсауында қалған адамзат бір мезет көгілдір дүние мен суық роботтардан алыстап рухани ішкі әлемінің қауіпсіздігіне көңіл аударып барады. Бұл қазіргі әлемдік деңгейдегі заманның ағымы немесе көш түзеген бағыты. Рухани аурасыз адам баласы ұзаққа бара алмайтынын түсінген сияқты. Әлде ғасыр иірімі осыған әкеліп түсірді ме, әйтеуір елдің бәрі қалың шөгінділер ішінен өзін іздеуде. Өзі емес-ау, өз үнінің түк-көркіні, бабасының қоңыр келбетін іздеуде. Осындай ұлы көшке Қазақ елі де қос атанға қомын артып ілесіп барады.

Өткен жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүкіл қазаққа «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» атты мақаласын жолдап, Алаш баласына барын түгендеп, жоғын іздеп, керегін қайта жасау үшін үлкен міндеттер жүктеді. Бұл мақаланың мазмұны қазақтың әр азамат мен азаматшасы өз жүрегінің қалауымен іске асыруын нұсқайды.

Рухани жаңғыру аясында мәдениет пен әдебиеттің алар орны ерекше. Қазақ деген ұлттың кім екенін әлемге таныту үшін рухани жаңғыру, рухани түлеу бізге зор мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақтың үлкен жазушысы Ғабит Мүсірепов “әдебиет – ұлттың жаны”- дейді. Иә, әдебиетсіз ел жансыз болары анық. Әдебиет деген ұғымның ішіне сол ұлттың барлық құндылықтары қамтылады. 2017 жылдың соңында болған бір Халықаралық әдеби конкурыстың өзін айтсақ та ауызға толымды. «Рух» әдеби конкурысына бір аптаның ішінде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мыңға жуық көркем шығарма келіп түскен. Бұл қазақ әдебиетінің рухани жаңғыруының бір көрінісі.

 Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы “Мәдениет – ар шұғыласы” – дейді. Әрине, әр ұлт, әр ел өз мәдениеті арқылы әлемдік бәсекелестікте ар дүниесімен (бет бейнесі) шұғыла тарата алады. Осы сәуір айының басында Қазақстанда үлкен жобаның тұсауы кесілді. Ол Мәдениет порталы еді. Бар қазақтың мәдени дүниесін енді осы портал түгендейтініне бек сенімдеміз. Мұның бәрі біз мақтанышпен айтарлық құбылыс. Ел болып рухани дүниемізді түгендегіміз келсе әр қазақ өзінен бастағаны ең дұрыс жол болары анық.  

Алтынғадыс Күнтуғанұлы,

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Қазақ
× You found a Typo