Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Кураторлар кеңесінің отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де кураторлар Кеңесінің отырысы өтті.

Онда 2016-2017 оқу жылдарында жүргізілетін жұмыстар қаралды. 19 қазан күні, №3 оқу ғимаратында өткен жиынға академиялық топтардың кураторлары және факультеттердің эдвайзерлері қатысты. Шара барысында ағымдағы мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Күн тәртібінде кураторлар Кеңесінің 2016-2017 оқу жылдарындағы жұмыс жоспары, студенттердің азаматтық көзқарасы мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі кураторлардың рөлі, 1,2 курс студенттері үшін экскурсия ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, оқыту және тәрбие жұмыстары бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шараларға қатысу, академиялық топтар арасында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы», «Халықаралық отбасы күні» тақырыптарында куратор сағаттарын жүргізу. Кураторлар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайты арқылы кураторлар Кеңесінің жұмыс жоспарымен, іс-шаралар, куратор сағаттарын өткізу әдістерімен таныса алады.

А. Айтуғанова, тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы

Қазақ
× You found a Typo