- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, жанкешті ерліктеріңіз өзге ұрпақтарға өмір сүру мүмкіндігін сыйлады. Отанымызды қорғай отырып, Сіздер тек жерімізді сақтап қана қойған жоқсыздар, сондай-ақ бүкіл әлемді фашизм індетінен тазартып, құтқарып қалдыңыздар.
Талай буын Сіздердің ерліктеріңізді үлгі-өнеге етіп тәрбиеленді, өскелең ұрпақтарыңыз сіздерге қарап бой түзеп келеді.
Баршаңызды Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтаймын! Барлықтарыңызға бейбіт өмір, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-дәулет тілеймін!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген