- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Музейдегі жәдігерлердің барлығы қоғамның дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.
Өткен мен бүгінгі күннің тарихын жалғастыруда, оны кейінгі ұрпаққа таратуда музей ісінің алатын орны ерекше. Материалды жинау, тіркеу, экспонаттарды сақтау және оларды халыққа таныстыруға дейінгі жұмыстардың бәрінде қаншама көзге көрінбейтін еңбек жатыр.
Бұл орайда музей қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Музей – адамзаттың рухани, материалдық құндылықтарының, ғылыми жетістіктерінің дамуы мен жай-күйін баяндайтын мәдени ордасы ғана емес, ұрпақ жалғастығының негізгі алтын көпірі.
Сіздерге толағай табыс, отбасылық бақыт, сарқылмас қайрат пен таусылмас шабыт тілеймін!
Ж. Қалимолдина,
мұражайлар меңгерушісінің міндетін атқарушы