Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Ректорат университет ұжымын жалпыұлттық мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! 26 жыл бойы бұл мерекені еліміздің гүлденуі үшін өз еңбегін, шығармашылығын және күш-қуатын аямай арнап жүрген жандардың барлығы атап келеді. Бүгінгі табыстарымыз бен береке-бірлігіміз үшін біз нақ осы күнге қарыздармыз.

Ел тарихындағы айтулы күн – 16 желтоқсан барлығымыз үшін мемлекетіміздің дербес даму дәуірінің бастауы болып табылады. Өзіміз үшін осы жолды таңдай отырып, біз бүгінде мемлекетіміздің дамуын анықтап отырған отансүйгіштік, еркіндік және демократия құндылықтарын таңдап алдық.

Барлық қазақстандықтармен бірге біз осы жылдар жетістігін мақтан тұтуға құқылымыз. Біздің университет ғылыми-педагогикалық еңбеккерлердің бірнеше буыны арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, уақыт сынына лайықты төтеп бере алды.

Қымбатты достар!

Бүгінде университет мақтанышы болып отырған дүниелердің бәрі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, ақыл-ойларыңыз бен дарындарыңыз арқылы жасалған. Біздің жетістіктер біздерге жаңа күш береді. Еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуы жолындағы жаңа істеріміз табыстарымызды еселей түседі деп сенеміз.

Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт және береке-бірлік тілейміз!

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo