Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, ардагерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар!

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 

Алдағы жыл жемісті, ырысты әрі берекелі болып, көптеген жаңа жетістіктерімен, қызықты шақтарымен қуантсын. Біздің ортақ ісіміз креативтілік пен шығармашылық жеңістерге толы болсын.

Барлықтарыңызға нақты мақсаттар мен келешегі зор жоспарларды орындаудың, табысқа жетудің жолында сарқылмас қуат пен күш-жігер, өзара түсіністік, өсіп-өркендеу және сәттілік тілеймін.

Жаңа 2021 жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт және тұлға ретінде өсіп-жетілу, кемелдену мүмкіндігі сынды баға жетпес құнды сыйлықтарын тарту етсін. 

Баршаңызға отбасылық амандық пен татулық, құт-береке мен толағай табыс, келешекке деген мол сенім және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Мерекелеріңізбен! Жаңа жыл құтты болсын!

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo