Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы тойланып, жаңа жылымыз басталады.
«Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» деп тілек білдірілетін осынау достық пен ынтымақ мерекесі мерейімізді асқақтата түссін.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, қызмет пен оқуда шығармашылық табыс, амандық, молшылық пен жан тыныштығын, әрбір күндеріңіздің қуаныш пен шаттыққа толы болуын тілеймін!
Жаңа жыл барлығымыз үшін табысты да берекелі болып, бірлігіміз нығая берсін!
М.Ә. Төлеген,
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, қалалық мәслихаттың депутаты