Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!

Жоғары оқу орны оқытушыларының кәсібі өте күрделі болғанымен, аса маңызды әрі құрметті, өйткені олар еліміздің жаңа жас кадрларын, яғни оның болашағын қалыптастырады, сондықтан осы күні мұғалімдерге арналған ең жақсы сыйлық олардың қиын да абыройлы еңбектері үшін айтылған алғыс сөздер болмақ.

Қымбатты әріптестер!

Біз үш жылға жуық бірге еңбек етіп келеміз, ұйымшыл ұжым ғана емес, үлкен бір отбасындай болып кеттік.

Әрбір жаңа күндеріңіз бақытты сәттерге және студенттердің, магистранттар мен докторанттардың Сіздерге деген ризашылық пейілдеріне толы болсын деп тілеймін.

Әрқайсыларыңыздың барша шығармашылық идеяларыңыз бен бастамаларыңыз жүзеге асып, жұмыстарыңыз табысты болсын, ал демалыстарыңыз тек шаттықты сәттерімен есте қалсын.

Ұстаз – өмірде тек ең лайықты адамдар ғана иелене алатын даңқты атақ. Сондықтан Сіздердің қызметтеріңіз нәтижелі, жемісті болып, тек қана қуаныш сезімін сыйласын.

Мұғалім мамандығы даналық пен жастықтың отын, шығармашылық пен күш-қуатты, мейірімділік пен қаталдықты үйлестіреді! Сіздердің еңбектеріңізді бағалау аса қиын, ұстаздың ерен еңбегіне баға жетпейді!

Сіздерге асқан шыдамдылық, шалқар шабыт, жаңа жеңістер тілеймін, өз мамандықтарыңызға адал болыңыздар, барша жоспарларыңыз орындалсын, игі істеріңізде тың жетістіктерге жете беріңіздер! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, жарқын үміт, өсіп-өркендеу, құт-береке тілеймін! Еңбектеріңіз үшін мың да бір рақмет!

Мереке құтты болсын!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo