Сіздерді еліміздегі ең елеулі мерекелердің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын!
Конституция еліміздің Негізгі заңы бола отырып, халқымыздың мемлекеттің біртұтастығын сақтауға, еркін де әділетті қоғамда өмір сүруге деген ежелгі ұмтылысын паш етеді.
Біз атқарып жатқан ісіміздің елді өркендетуге қосылған үлес екенін терең түйсініп, болашаққа зор сеніммен әрі үлкен үмітпен көз тастаймыз.
Ата заңымыздың баптарына сүйене отырып, біз азаматтарымыздың шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуеттерінің жүзеге асуына қажет барша жағдайларды жасауға, олардың әл-ауқатын арттыруға тырысып келеміз.
Сіздер университетіміздің әрмен қарай дамуына лайықты үлес қосып келесіздер, ол үлес Отанымыздың өркендеуіне де септігін тигізеді. Шын жүректен Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге сәттілік, егемен еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан игі істеріңізге мол табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзілмесін, мерейлеріңіз дәйім үстем болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген