Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер, ардагерлер!

Сіздерді мемлекетіміз үшін айтулы мерейтойлық дата – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік мереке – Конституция күні 1995 жылғы 30 тамызда өткен жалпыұлттық референдумнан бастау алады. Содан бері біз Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыруға деген ұмтылысын көрсететін, ең жоғары құндылықтары адам болып табылатын елдің Негізгі заңы аясында өмір сүріп келеміз.

Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке өзі және отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді, өйткені құжат әрбір азаматтың бостандығы мен құқығына кепілдік береді.

Негізгі Заңның ережелеріне сүйене отырып, біз оқытушыларымыз бен студенттеріміздің шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, адамдардың әл-ауқатын арттыруға тырысудамыз.

Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бірлік және Тұрақтылық жылдан-жылға нығая берсін!

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, тың табыс және амандық, ал біздің ортақ үйімізге тыныштық, келісім, береке-бірлік тілеймін!

Конституция күні құтты болсын!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo