Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер баршаңызды елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтаймын!

6-шы шілде, Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Бұл дата тәуелсіз және мықты мемлекет Қазақстанның тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған. Нұр-Сұлтан қаласы – біздің ұмтылыстарымыздың басты символы, армандарымыздың, сенім мен жасампаздықтың көрінісі.

Ерекше мереке - елорданың туған күні бас қаланың негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің өзіндік мәні бар. Биыл сарабдал саясаткер Н.Ә. Назарбаев 80-жылдық мерейтойын атап өтеді.

Елорда күні Қазақстанның жаңа тарихындағы тағы бір үлкен дата қарсаңында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтіледі.

Сонау 1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің Астана күнін атап өту туралы шешімін бекіткен болатын. Енді, 6-ші шілде еліміздегі маңызды мерекелердің бірі.

Астана күнінің барша қазақстандықтар үшін қоғамдық-саяси маңызы зор.

Әлем астаналары арасында лайықты орын алатын елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күннен күнге гүлденіп, көркейе берсін! Мемлекетіміздің күші нығая берсін!

Барлықтарыңызға мерекелік көңіл күй, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген

Қазақ
× You found a Typo