Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар, ардагерлер!

Сіздерді еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Көпұлтты еліміз осы жылдар ішінде этностар арасындағы бейбітшілік пен достықты сақтап қалғанымызды мақтан тұтады. Әлбетте, мемлекетіміздің ішкі және әлемдік аренадағы жетістіктері халқымыздың бірлігіне негізделген.

Бүгінгі таңда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – елдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Университет қабырғасында түрлі ұлттың студенттері білім алып, болашақ мамандықтарын меңгеруде. Университет студенттері мен магистранттарыда шетелде оқу және іс-тәжірибеден өту мүмкіндігі бар.

Біздің студенттер ғылымның түрлі салалары бойынша іргелі білім алып қана қоймай, белсенді өмір салтын да ұстанады. Біз жастардың бойында Отан алдындағы борыш сезімін және патриотизмді тәрбиелей отырып, оларды туған ел мен жерді қорғауға үйретудеміз. Осылайша оқу орнымыз Қазақстанның одан әрі дамып, өсіп-өркендеуіне, егемендігінің нығаюына өз үлесін қосып келеді.

Біз халықпен бірге, бір шаңырақ астында бұдан да биік белестерге және жеңістерге жетеміз деп үміттенемін!

Баршаларыңызға зор денсаулық, мол табыс, құт-береке тілеймін! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген

Қазақ
× You found a Typo