Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні – еліміздің әрбір азаматы үшін айырықша маңызды дата, себебі мемлекетіміздің күрделі қалыптасуы кезеңінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халықты жұмылдырып, барша ұлттар мен ұлыстарды ұйыстыра білді және қуатты әрі егемен мемлекеттің берік іргесін қалады.
Тұңғыш Президент есімі ел тарихынана ойып тұрып орын алады, Ұлт Көшбасшысы Тәуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекеттің болашақ тағдыры үшін орасан зор жауапкершілікті жеке өз мойнына алды.
Баршаларыңызға мол табыс, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және ырыс-береке тілеймін!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген