Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер!

1 мамырда еліміз ең жарқын әрі жасампаз мейрамдардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл достықтың, келісім мен түсіністіктің мерекесі, аталмыш құндылықтар 150-ден астам ұлт пен ұлыс мекендеген Отанымыздағы бейбіт өмір үшін аса қажет.

Қазақстан халқының бірлігі күні – көктемнің, бейбітшіліктің, еңбектің, достықтың және ынтымақтастықтың мейрамы.

Бейбітшілік, достық, игілік, құрмет – бұл сөздер түрлі тілдерде түрліше айтылады. Дей тұрғанмен, біз олардың осы өмірдегі ең мәнді де маңызды сөздер екенін айқын түсінеміз.

Түрлі ұлттың өкілі болып табылатын баршамызды «Біз – Қазақстан халқы» деген қастерлі ұғым біріктіріп отыр.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге және сіздердің жанұяларыңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, береке-бірлік, тыныштық мен татулық тілеймін!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген

Қазақ
× You found a Typo