Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Жыл сайын 1 желтоқсан күні біз мемлекеттік мейрам – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін айырықша атап өтеміз. Бұл – әлеуеті зор еліміздің қалыптасуы және дамуы жолындағы жаңа белестің басталуын айшықтайтын мерекелік күн.

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ сарабдал саясаты және мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор тарихи үлесі арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеп, толағай табыстарға қол жеткізіп отыр, сол себепті Тұңғыш Президент күні Елбасы мен халықтың өсіп-өркендеу жолындағы біртұтастығын білдіреді.

Сіздерді шын жүрегімнен мерейлі мерекемен құттықтап, баршаларыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, құт-береке мен тыныштық, оқу мен еңбекте, ғылым жолында жаңа жетістіктер тілеймін!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген

Қазақ
× You found a Typo