Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Құрметті әріптестер, студенттер!

Сіздерді Табиғат ананың жаңаруы мен жаңғыруының символына айналған көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күнінде еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа бастамаларыңызға береке, жоба-жоспарларыңыздың сәтті іске асырылуын тілеймін!

Атқарып жүрген игі істеріңіз бен жақын жандарыңыз қуаныш пен шаттыққа бөлей берсін, шаңырақтарыңызда әрдайым ауызбіршілік, ізгілік, өзара қамқорлық, достық пейіл, үйлесім мен өркендеу салтанат құрсын.

Осынау бір күн мен түннің теңелген сиқырлы шағы – игілік пен жасампаздық мерекесі әрбір үйге ырыс-құт, татулық пен төзім, тыныштық пен түсіністік алып келсін!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo