Баршаларыңызды Астана күні мерекесімен құттықтаймын!
6 шілде – елордамыздың туған күні, бұл жай ғана мемлекеттік, жалпыұлттық мейрам емес, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматы үшін салтанатты оқиға.
Нұр-Сұлтан – еліміздің жас әрі әсем басқаласы, ол қоғамымыздың даму қарқынын паш ететін мемлекетіміздің бірегей бет-бейнесі.
Елордамыз – еліміздегі өрлеу мен экономикалық өсімге негіз болған келешегі зор және заманауи қала.
Бүгінде астанамыз бүкіл қазақстандықтардың мақтанышына, елдегі бақуатты өмірдің символына айналып отыр.
Барлықтарыңызға толағай табыс, еңбектеріңізге береке тілеймін!
Мереке құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген